Қаладағы “Қамқорлық” ерте араласу орталығының әлеуеті артып, балаларға көрсетілетін көмектің сапасы жаңа деңгейге көтерілді. Енді мұнда ерекше күтімді қажет ететін әр балаға жеке оңалту жоспары әзірленеді. Бұл тәсіл әрбір бүлдіршіннің денсаулық жағдайы мен даму ерекшеліктерін ескере отырып, нақты әрі тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік бермек.