41433 әскери бөлімі сарбаздарының жүзге жуығы туған жерлеріне оралуда. Бір жыл бойы әскери бөлімде қызмет еткен жауынгерлер дайындықтың барлық кезеңінен өтіп, тәртіп пен төзімділіктің нағыз мектебінен өтті. Олардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысынан әскер қатарына шақырылған.