Өңірде табиғи өрттердің алдын алуға бағытталған экологиялық акция өтті. Іс-шара жалпыұлттық «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Акцияға 200-ден астам студент пен эко-еріктілер, сондай-ақ «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері қатысты. Іс-шара облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен өткізілді.