Наурызнама онкүндігі аясында 14 - 23 күндері аралығында мәдени-танымдық, қайырымдылық және ұлттық дәстүрді дәріптейтін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Соның ішінде қазақтың жаңа жылы саналатын Наурыз мейрамы ұлттық мән-маңызға ие. Бұл күні киіз үйлер тігіліп, өңір халқы орталық алаңға жиналады. Жыл сайын мерекенің ауқымыда кеңейіп келеді.