Облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қолдауымен Халықаралық әйелдер күніне орай қыздар арасында марафон ұйымдастырылды. Өңірде алғаш рет өткізілген бұл спорттық шара салауатты өмір салтын насихаттап, әйелдердің спортқа деген қызығушылығын арттыруды мақсат етті.