Құрманғазы ауданы өңірдегі ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан маңызды аудандардың
бірі. Ондағы экономиканың негізгі тіректерінің бірі мал шаруашылығы. Бүгінде Құрманғазы ауданы өңірдегі төрт түлік мал басының шамамен 35 пайызын құрап, мал өсіру саласында жетекші орындардың бірін иеленіп отыр.