Өңірде маусымдық аллергияға шағымданған адамдардың саны күрт көбейді. Тұрғындар арасында түшкіру, мұрын бітелуі, құрғақ жөтел және тыныс алудың қиындауы сияқты белгілер жиілеген. Мамандардың айтуынша, көктем мезгілінде ағза ауадағы шаң-тозаң мен өсімдіктер тозаңына сезімтал келеді. Егер дер кезінде ем қабылдамаса, аллергия асқынып кетуі мүмкін екен дейді.