Облыста дәрігер тапшылығы азайды. Соңғы екі жылда өңірдегі медицина мамандарының жетіспеушілігі екі есеге төмендеген. Ресми деректерге сүйенсек, 2023 жылы облыста 1675 дәрігер еңбек етсе, 2025 жылы олардың саны 1775-ке жетті. Нәтижесінде аймақтағы 5 кадр тапшылығы 201 маманнан 90 маманға дейін қысқарған. Бұл көрсеткішке кадр тарту мен әлеуметтік қолдау шараларының күшеюі әсер етіп отыр.