Атыраулық археологтар Алтын Орда дәуіріне тиесілі жаңа тарихи орындарды анықтады. «Сарайшық» музей-қорығының мамандары ортағасырлық Сарайшық кешеніне қарасты 5 қалашықтың орнынан 250-ге тарта жәдігер тапты. Одан өзге 14-ші ғасырдың алғашқы кезеңіне жататын үйлер, цита-дель, және керуен-сарай бөліктерін ашқан.