Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін көктемнің көкөзек шағы адам ағзасына үлкен өзгерістерімен келеді. Осы мезгілде кейбір адамдардың жұмысқа деген қарымы төмендеп, енжарлық пайда болады. Дәрігерлер мұның барлығы ағзадағы дәрумендер қорының азаюынан болатынын айтады. Ал дәрумен тапшылығы түрлі ауруларды өршітеді. Көктемде иммунитет неге әлсірейді? Әлсіздіктен қалай құтылуға болады?