Көктем келісімен табиғат жаңарып, өзен-көлдерге құстар қайта оралады. Дәл осы кезеңде облыста дәстүрлі көктемгі аң аулау маусымы басталады. Биыл аңшылық маусымы 21 наурыз бен 4 сәуір аралығында өтеді. Бұл уақытта тек үйректердің аталықтарын аулауға рұқсат. Ал ұрғашы үйректерді атуға қатаң тыйым салынған. Мамандардың айтуынша, мұндай шектеу құстардың көбею кезеңін қорғап, олардың санын сақтап қалу үшін енгізілген.