Көрісу күніне орай облыстық Шаймарден Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы – сәндік өнер музейінде мерекелік көрме ұйымдастырылды. «Бір жасыңмен» деген атау алған шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ардагерлерге құрмет көрсетуге бағытталған. Мерекелік жиынға мәдениет саласының өкілдері, ардагерлер, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.