Биылдан бастап жүк көліктеріне Атырау-Астрахань бағытындағы жол ақылы болады. Бұл туралы "Қазавтожол" ҰК АҚ Атырау облысы филиалының директоры Ардақ Қайреденов мәлімдеді. Жеңіл көліктер үшін жол тегін болып қала береді. Мамандардың айтуынша, бұл бастама жолдардың сапасын сақтап, оларды тұрақты күтіп-ұстау үшін енгізіліп отыр.