Соңғы уақытта өңірде ауа райы құбылмалы. Ақпан айының соңы мен наурыздың басында Атырауда бірнеше рет шаңды дауыл тіркелді. Мамандардың айтуынша, бұған Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі әсер етуі мүмкін. Соңғы жылдары теңіз суы тартылып, теңіз табанының кейбір бөліктері құрғап қалған. Қатты жел соққанда сол жерлердегі тұзды шаң ауаға көтеріліп, қалаға дейін жеткен. Толығырақ сюжеттен көрейік.