Өңірде балалар арасында тіс ауруы жиілеген. Ресми деректерге сүйенсек, қазір 10 баланың сегізінде тіс жегісі анықталады. Стоматологтың қабылдауында болған балалардың көпшілігіне осы диагноз қойылады екен. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары аурудың «жасы» айтарлықтай жасарып кеткен. Егер бұрын балалар дәрігерге төрт жастан бастап қаралса, бүгінде екі-үш жастағы сәбилердің өзінде тіс жегісі кездеседі. Бұған не себеп? Ерте жастан бастап аурудың алдын алу үшін не істеу керек? Сюжетке зер салайық.