Наурыз айынан бастап елді мекендердегі тазалық пен абаттандыру талаптарын бұзған азаматтарға қатысты жауапкершілік күшейтілді. Енді көшеге қоқыс тастап, саябақ мүлкін бүлдірген немесе қоғамдық орынды ластаған тұлғаларға айыппұлды тек полиция ғана емес, жергілікті атқарушы орган өкілдері де сала алады. Тиісті өзгерістерді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі енгізіп, әкімдіктерге қосымша құзырет берген.