Бабадан аманат» атты дәстүрлі ән-күй кеші ұлттық өнерге сусындаған көрерменді бір арнаға тоғыстырды. Шығармашылық кеш Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі бастамасымен ұйымдастырылған. Концертте Құрманғазы, Махамбет және өзге де көрнекті күйші-композиторлардың туындылары орындалды.