Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні қарсаңында «Әлеуметтік спринт: 180 минут ішінде идеядан жобаға дейін» атты хакатон өтті. Шара барысында командалар өңірдегі әлеуметтік өзекті проблемаларды талдап, шешу жолдарын ұсынды. Атап айтқанда, халықтың осал топтарына қолдау көрсету, жастар белсенділігін арттыру, ақпараттық қауіпсіздік, экологиялық мәдениетті қалыптастыру сынды бағыттар қамтылған.