Өңірде оқушыларды ыстық тамақпен қамту жүйесі кезең-кезеңімен жетілдіріліп жатыр. Мәселен, бүгінде облыста 60 мыңнан аса бастауыш сынып оқушысы және әлеуметтік осал топтағы 7 мыңнан аса бала тегін тамақтанады. Одан бөлек, жүйе толықтай цифрлық форматқа көшірілген. Бұл платформалар арқылы ата-аналар да баласының ас ішкен-ішпегенін бақылап, ақпарат ала алады. Толығырақ Лаура Кисметованың сюжетінде.