Өңірде Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара барша жұрт пен түрлі ұлт өкілдерін бір ортаға жинады. Жергілікті өнерпаздар мен этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары бір сахнада бас қосып, достық мен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. Концерттік бағдарламада ұрпақтар сабақтастығы және татулықтың құндылығы кеңінен бейнеленді.