Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Брифинг барысында ауыл шаруашылығындағы өсім көрсеткіштері, жол және инфрақұрылым бағытында жүзеге асқан жобалар, сондай-ақ мәдениет, білім беру және спорт салалары бойынша атқарылған жұмыстар кеңінен сөз болды. Толығырақ тілшіміз Ақтоты Өркешбаеваның сюжетінде.