Жеті жылдан бері құрылысы аяқталмай келе жатқан Талқайран мөлтек ауданындағы тұрғын үйлер биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Сала мамандардың айтуынша, негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған. Алайда нысандар толық іске қосылған жоқ. Себебі сыртқы инженерлік инфрақұрылым, яғни кәріз жүйесі, жол және абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасуда. "Сақалды құрылыс" алаңына айналған ауданға Ақтоты Өркешбаева барып қайтты.