Облыста педагогтарды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл бастама білім беру ұйымдарындағы, әсіресе ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын азайтуға бағытталған. Бүгінде өңір бойынша 81 педагог қызметтік пәтермен қамтамасыз етілген. Мұндай қолдау шаралары ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жас мамандарды ауыл мектептеріне тартуға және білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Толығырақ Лаура Кисметованың сюжетінде.