«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалициясының өкілдері «Интергаз Орталық Азия» компаниясының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Жұмысшыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері және ұсынылған өзгерістердің азаматтардың құқықтарын қорғау мен елдің дамуына ықпалы түсіндірілді. Кездесу барысында дербес деректерді қорғау, интернет-алаяқтық пен зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ білім беру, ғылым және цифрлық технологиялардың ел дамуындағы рөлі талқыланды. Өз кезегінде еңбек ұжымы өкілдері Конституция жобасына қатысты өз пікірлерін білдірді.