Әр адам тұлға болып қалыптасуы үшін болашақ мамандығының әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан бұл іске жауапкершілікпен қарап, мамандық таңдауда қателеспеген дұрыс. Көп мамандықтың қатарында өзіне ғана емес, қоршаған ортаға пайдасын тигізетін ерекше мамандықтың бірі де бірегейі – журналистік қызмет. Ал бүгінгі таңда медиа саласында қызмет ету үшін не істеу қажет? Талаптары қандай? Бұл бағытта «ATYRAÝ»телеарнасының директоры Талғат Өтеғұлов студенттермен кездесіп, болашақ журналистерге дәріс оқыды.