Теміржолдың бойы да қауіпті боп барады. Жосықсыз жүрген мал тұрмақ, адамдар да абайсызда пойыз астына түсіп қалуы мүмкін. Өңірде өткен жылы шойын жол бойында 86 мал қаза болса, биылғы жылдың алғашқы екі айында бұл көрсеткіш 6-ны құрады. Аймақта бұл қауіптің алдын алу мақсатында түрлі шаралар жүргізілуде, алайда мамандар олардың нәтижелі болмай жатқанын айтады.