Көктемгі су тасқынның алдын алу мақсатында өңірде «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтіп жатыр. Практикалық кезеңі Алмалы ауылдық округінде ұйымдастырылды. Жоспар бойынша су деңгейінің күрт көтерілуі салдарынан қорғаныс бөгеті бұзылып, құтқарушылар іс-қимыл алгоритмін пысықтап, зақымданған учаскені нығайтты және шартты қауіпті аймақтан тұрғындарды эвакуациялады.