Былтыр Қазақстанда ұл балаларға ең жиі қойылған есім - Мұхаммед. Бұл ат 3 652 сәбиге берілген. Екінші орында Айсұлтан есімі - 2 872 рет тіркеліпті. Ал қыздар арасында Айлин есімі көш бастап тұр. Одан кейін Медина - 5 455 рет таңдалған. Мамандардың айтуынша, балаға ат қою - жай ғана таңдау емес, бұл үлкен жауапкершілік. Себебі есім адамның болмысына, өмір жолына, тіпті тағдырына әсер етеді екен. Толығырақ Лаура Кисметованың сюжетінде.