Бүгін нөмірі 39-шы мектеп гимназиясында «Шашулы шашбау» тақырыбында тағылымды шеберлік сағаты өтті. Мұнда облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған Әжелер алқасының «Өнерге баулу» тобы мұрындық болды. 30-ға жуық ақ жаулықты әже қатысып, өздерінің өмірлік тәжірибесі мен қолөнердегі шеберлігін ортаға салды.