Елімізде жем-шөп қорын даярлаудан бастап, өнімді өңдеу, жеткізу, сату үдерісі бір жолға қойылмаған. Бұлардың бәрін басқарудың бірыңғай жүйесі жоқ деген президент үкіметке биыл жасақталған «мал шаруашылығын дамыту жоспары» арқылы осы олқылықтарды жоюды тапсырды. Дәл осы мәселе Атырау облысы Исатай ауданының шаруаларын алаңдатады. Өйткені биылғы қыс шалғайдағы шаруа қожалықтары үшін қиынға соққан. Жейтін шөптің жоқтығынан 100-ге тарта жылқы қырылып қалған. Ал жемнің бағасы шарықтап тұр. Жергілікті билік мәселені қалай шешпек? Шаруалар не дейді? Әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт тараптарды тыңдап қайтты.