Өткен жылы «102» операторына отбасылық жанжал мәселесі бойынша 6 мыңнан астам хабарлама түскен . Ал биыл 400 – ден аса өтініші тіркеліп отыр. Бұған қоса, 348 қорғау нұсқамасы шығарылған. Бұл факт сталкинг мәселесіне де тіреледі. Мұның алдын алу үшін жастар арасында тиімді ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі «Сталкингті тоқтат: Қауіпсіз қоғамға бірге қадам!» форумы.