Биылғы жылдың қаңтар айында вокзалдар мен пойыздарда қоғамдық тәртіпті бұзған 300-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде алкоголь ішу, қоғамдық орындарды ластау және рұқсат етілмеген жерлерде темекі шегу секілді заңбұзушылықтар жиі тіркелген. Мұндай тәртіпсіздіктердің алдын алуда желілік полиция мен сала мамандарының жұмысы маңызды рөл атқарады.