Мұса Баймұханов көшесіндегі 48-үйдің тұрғындары көмек сұрайды. Өйткені, көпқабатты үйдің кіребересіндегі баспалдақ алаңы опырылып түсіп, бүгінде жүріп-тұруға қауіп төндіріп отыр. Жуырда әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін оқиға орнына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өкілдері келді. Тұрғындардың базынасын тыңдап келген тілшіміз Ақтоты Өркешбаева тарқатады.