Елімізде өткен жылы адам саудасына қатысты 200-ге жуық қылмыстық іс қозғалды. Олардың басым бөлігі ағза сату, жезөкшелікке итермелеу секілді ауыр қылмыстармен байланысты. Аталған заң бұзушылықтардың барлығы дерлік «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әшкереленді. Ал өңірдегі ахуал қандай? Бұл туралы толығырақ Асылан Мәліктің бейнематериалынан көрейік.