Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жетқан бай қазына. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларына арқау еткен. Көз салып, байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі түсті ою-өрнек адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқаны айқын көрінеді. Ал бұл мұраны жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.