«SuperStar KZ» Ақтөбеде. Талай жастың жұлдызын жағып, жарқырауына жол ашқан мега жоба араға 20 жыл салып қайта оралды. Кастинг "Ақтөбе" телеарнасының базасында өтті. Таңғы сағат 9-да басталған іріктеу кешкі 18:00-ге дейін жалғасты. Байқауда бағын сынауға өңіріміздің түкпір-түкпірінен барлығы 170 өнерпаз жиналған. Олардың қатарында атыраулықтар да бар. Толығырақ ақтөбелік әріптесіміз Гүлдана Абайқызының сюжетінен көрейік.