Студенттер құқықтық білімдерін шыңдады. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен зияткерлік сайысқа 35 жас қатысып, өзара сынға түсті. Олардың қатарында түрлі мамандықты меңгеріп жүрген жастар бар. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, заң саласындағы сауаттылықтарын арттыруға деген қызығушылықтарын көрсетті.