Ақпан айы ауа райының құбылмалы болатынын көрсетіп отыр. Ай әдеттегіден жылырақ болады, бірақ бұл қыс қаһарының сейілгенін білдірмейді. Яғни, әлі де аяз, боран және көктайғақ күтіледі. Жыл он екі кезеңдегі ең қысқа айдың бел ортасында тіпті жауын шашын да болуы әбден мүмкін. Сондықтан мамандар ауа райының кез келген тосын мінезіне дайын болыңыздар деген пікірде.