Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы өткен жылдың деңгейінде сақталып отыр. Биылғы жылдың 4 қаңтарынан бастап Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының уақытша кеңейтілген тізбесі енгізілді. Бұған дейін тізбе 19 атаудан тұрса, қазіргі уақытта ол 31 атауға дейін кеңейтілді.