Волонтер болу – еріккеннің ермегі емес. Ол жанашырлық пен қамқорлыққа негізделген қоғамға пайдалы іс. Еріктілердің еңбегі әсіресе коронавирус індеті кезінде айқын көрінді. Осыған байланысты 2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының 75-сессиясында халықаралық волонтерлер жылын жариялау бастамасын көтерді. Бұл ұсыныс бүгінде қолдау тауып отыр.