Аймақта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қазіргі таңда өңірде 70 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан тіркелсе, соның 45 пайызы – іскер әйелдерге тиесілі. Биыл бизнесті қолдау шараларын жүзеге асыруға 11 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Осы орайда әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған ұлттық ақпараттық науқан өтуде.