Дамбы ауылдық округінде ел қуанышын еселеген игі бастама жүзеге асты. Ауыл тұрғындарының демалысы мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған жаңа саябақ пайдалануға берілді. Бұл – елді мекеннің әлеуметтік келбетін жақсартуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне жергілікті билік өкілдері, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.