КСРО спорт шебері Мейрамғали Әбсеновтің жүлдесіне арналған бокстан U22 ересектер арасындағы ашық турнир басталды. Жарысқа 50-ге жуық боксшы қатысуда. Төрт күнге созылатын спорттық додаға Маңғыстау, Ақтөбе, Шымкент, Атырау қалаларынан, сондай-ақ Өзбекстан Республикасынан келген спортшылар бақ сынайды. Турнир облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып жатыр.