Жұмысшы мамандықтары – ел өмірінің ажырамас бөлігі. Қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету, коммуналдық жүйенің үздіксіз жұмысын қадағалау – көзге көрінбегенімен, аса жауапты еңбек. Осындай маңдай терімен елге қызмет етіп жүрген жандардың бірі – «Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының энергетика қызметінің шебері Ерік Умаев.