«Психология және педагогика: әрекеттестіктің жаңа форматы». Осы тақырып аясында ұйымдастырылған конференция сала мамандары үшін тәжірибе алмасатын маңызды кәсіби алаңға айналды. Іс-шараға көп жылдық тәжірибесі бар педагог-психологтар мен жас мамандар қатысып, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін дамытудың тиімді жолдары талқыланды.