Атырауды ақ ұлпа қар басты. Шаһарда кешеден бері қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстарға «Арнаулы Автобаза» мекемесінен 250 қызметкер және ондаған арнайы техника жұмылдырылған. Қала аумағы бірнеше учаскеге бөлініп, оның әрқайсысында жауапты мамандар тәулік бойы қар шығару, жолдарды тазалау жұмыстарын атқаруда.