Құрманғазы ауданында денсаулық сақтау саласының қалыптасуы мен даму тарихына арналған «Тарихқа тағзым» атты аудандық аурухана мұражайының ашылу салтанаты өтті. Шараның басты мақсаты – өңір медицинасының өткені мен бүгінін сабақтастырып, сала ардагерлерінің қажырлы еңбегін ұрпақ жадында сақтау.