Биыл «Прикаспийская коммуна» газетінің жарық көргеніне 105 жыл толды. Ғасырдан аса тарихы бар басылымның мерейтойына орай «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінде салтанатты шара өтті. Оған сала ардагерлері мен қызметкерлері, газет оқырмандары және жергілікті билік пен түрлі мекеме-ұйым өкілдері қатысты.