Атырауда қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері және Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың ескерткішіне гүл шоғын қою салтанатты рәсімі өтті. Шараға қоғам өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, педагогтар, студенттер мен мектеп оқушылары және қала тұрғындары қатысты. Олар ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылығын еске алып, оның рухына құрмет көрсетті.