Атыраулық әже жүзінші жаңа жылын қарсы алмақ. Ғасыр жасаған қария жыл сайын мерекені ерекше күтеді. Отбасы мүшелерін бір дастархан басына жинап, ақ батасын айтады екен. Сұм соғыс пен талай бейнетті көрген Күлима Сейітқызы бейбіт өмірдің бағасы қымбат дейді. Ұзақ өмір сүріп, шөбере бағып отырған зейнеткермен әріптесім тілдесіп, ақ тілегін тыңдап келді.